2025 жылғы 10 желтоқсанында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде 8D071 – Инженерия және инженерлік іс бағыты  8D07102 – «Машина жасау» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте Андрей Борисович Бугаевтың «Қар-мұз қабатын бұзуға арналған аспалы соққы роторлық жабдықтың параметрлерін әзірлеу және негіздеу» тақырыбында философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғауы өтті.

Ғылыми кеңесшілер:

Михаил Васильевич Дудкин – т.ғ.д., профессор, «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ Халықаралық инженерия мектебінің профессоры, (Өскемен қ., Қазақстан Республикасы)

Бекболат Аскербекович Молдаханов – философия докторы (PhD), «Өскемен-Тазалық» ЖШС бас инженері, (Өскемен қ., Қазақстан Республикасы);

Геннадий Владимирович Кустарев – т.ғ.к., профессор, «Жол-құрылыс машиналары» кафедрасының меңгерушісі, Мәскеу автомобиль-жол мемлекеттік техникалық университеті (МАДИ), (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы).

Және де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 8D05301 – Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте Алексей Валерьевич Касымбаевтың «Көпкомпонентті нитридті жабындардың микроструктурасы мен трибомеханикалық қасиеттерін зерттеу» тақырыбында философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғауы өтті.

Ғылыми кеңесшілер:

Аманжол Тұрлыбекұлы – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, "National Laboratory Astana" ЖМ, (Астана қ., Қазақстан Республикасы);

Александр Дмитриевич Погребняк – ф.-м.ғ. д., Украинананың ғылым мен техниканың еңбегі сіңген қайраткері, Сумы мемлекеттік университетінің профессоры, (Сумы қ., Украина)